Главное

Санжар Боқаевқа жала жапқан блогер қыруар өтемақы төлейтін болды

30 шілдеде Алматы қаласының Бостандық аудандық соты Санжар Боқаевтың блогер Антон Бударовқа қарсы талап-арызы бойынша шешім шығарды. Бүгін шешім заңды күшіне енді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

ТОЛЫҒЫРАҚ

Сот Бударовтың 2024 жылдың 6 қыркүйегінде YouTube арнасында жариялаған бейнеролигінде таратылған мәліметтер шындыққа сәйкес келмейді және Санжар Боқаевтың ар-намысы мен іскерлік беделін қорлайды деп шешім шығарды.

СОТ НЕНІ МІНДЕТТЕДІ

Сот Антон Бударовты:

  • «Антон Бударов» арнасындағы видеоны өшіруге;
  • «Сот мені Боқаев Санжар Омарұлына қатысты шындыққа жанаспайтын мәліметтерді жоққа шығаруға міндеттеді» деген атаумен 20 минуттық ресми видео жариялауға;
  • Санжар Бокаевқа 500 000 теңге көлемінде моральдық зиянды өтеуге және сот шығындарын төлеуге міндеттеді.

Осылайша, іске нүкте қойылды: Бударовтың жалған айыптаулары мен манипуляциялары сот арқылы ресми түрде жоққа шығарылды.

— Нәтиже біреу — Антон Бударовқа сенуге болмайды. Оның сөздері сот шешімі бойынша жала деп танылды, ал Санжар Боқаевтың аты мен беделі заңмен қорғалды, – дейді адвокат Мұрат Адам.

Адвокаттың айтуынша, ендігі негізгі кезең – сот шешімін орындау.

— Бұл Антошаға мүлде ұнамайды, – деп түйіндеді Мұрат Адам.

Другие новости

Back to top button