ГлавноеГосорганы

Сан-Францискода шетелдегі соңғы сайлау учаскесі өз жұмысын аяқтады

Сан-Францискодағы шетелдегі соңғы сайлау учаскесі өз жұмысын аяқтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметі таратқан мәліметтерге қарағанда, соңғы сайлау учаскесіне сайлаушылар 100% келген.

Осыған дейін Сан-Францискода соңғы сайлау учаскесі жұмысын бастағанын жазған болатынбыз.

Айта кетейік, Қазақстанда кезектен тыс Президент сайлауы өтті.

Орталық сайлау комиссиясының мәліметі бойынша, кеше, 20-қарашада сағат 22.00-дегі жағдай бойынша республиканың 8 299 501 азаматы бюллетень алды. Ол — тізімге енгізілген азаматтардың 69,43 пайызы деген сөз. Ал 4 өңірде сайлаушылардың 80 пайыздан астамы дауыс берген.

Барлық өңірде 10 033 учаске жұмыс істеді.

Шет мемлекеттерде 68 сайлау учаскесі жұмыс істеді.

Другие новости

Back to top button