Главное

«Самұрық – Қазына» соңғы 6 жылда 27 млрд доллар шетелдік инвестиция тартты

Қордың басқарудағы активтер көлемі 82 млрд доллар. Толығырақ «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов айтып берді.

Ол «Самұрық-Қазынаның» стратегиялық жобалар портфелін таныстырып, қордың шетелдік инвестицияны тартудағы негізгі қозғаушы күш ретіндегі рөлін атап өтті.

Фото: Ағыбай Аяпбергенов/Kazinform
— Басқарудағы активтер көлемі 82 млрд доллар. Қор әлемдегі ең ірі 25 егеменді қор қатарына кіреді. Самұрық-Қазына портфелінде жалпы құны $100 млрд асатын 130-дан астам инфрақұрылымдық жоба бар. Соңғы 6 жылда 27 млрд доллар көлемінде шетелдік инвестиция тартылды. Біз көздеген басым бағыттар, жасыл энергетика (2028 жылға қарай 5 ГВт ЖЭК), мұнай-газ жобалары мен магистральдық газ құбырлары, көлік және цифрлық инфрақұрылым, — деді Нұрлан Жақыпов елордада өтіп жатқан Astana Finance Day – 2025 халықаралық форумда.

Фото: Ағыбай Аяпбергенов/Kazinform
Сондай-ақ басқарма төраға қордың дамуы мемлекет пен жаһандық инвесторлар арасындағы серіктестікке негізделетінін айтып отыр.

Бүгін елордада Astana Finance Day–2025 өтіп жатыр.

Екі күнге жалғасатын Astana Finance Days-те әлемнің 70-тен астам елінен 5 000-нан аса қатысушы, оның ішінде брокерлер, банкирлер, инвесторлар мен инноваторларды қоса алғанда, қаржы және технологиялық сектор, сондай-ақ мемлекеттік және квазимемлекеттік сектор өкілдері бас қосып отыр7

Дереккөз: https://kaz.inform.kz

Другие новости

Back to top button