Госорганы

Самарқанда ШЫҰ мемлекет басшылары кеңесінің шағын құрамдағы отырысы басталды

Самарқандағы «Конгресс орталығында» ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің шағын құрамдағы саммиті өтіп жатыр.

Саммит отырысының басталғаны туралы Ақорданың Telegram-lдағы арнасы жариялады.

Сонымен қатар Қазақстан президентінің баспасөз қызметі шағын құрамдағы отырыс басталар алдында ШЫҰ елдері басшыларының бейресми сұхбаттасқанын хабарлады.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 15 қыркүйекте Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысына қатысу үшін Самарқанға келді.

Кейін мемлекет басшысы мен ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің басшылары «Жібек жолы» туристік орталығына ағаш егіп, «Мәңгілік қала» кешенін аралап, бейресми әңгіме өткізді.

16 қыркүйекте Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің мемлекет басшылары кеңесінің отырысы өтетін «Конгресс-орталыққа» келді. Мемлекет басшысын Шавкат Мирзиеев жылы қарсы алды.

 

Другие новости

Back to top button