Алматинская областьГлавное

«Салтанат марқұмның ағасына ерекше рақмет»: Шерзаттың әкесі халыққа тағы да үндеу жолдады (ВИДЕО)

Марқұм Шерзаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов ұлының ісі бойынша қолдау көрсеткен Айтбек Аменгелдіге  алғыс айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

«Алматы облысы Қонаев қаласының ішкі істер департаментінен келдім. Ол жерде іс оңынан қаралып жатыр. Адвокаттар келіп көмектесіп жатыр. Марқұм Салтанаттың ағасының көмегі бар. Ол кісіге де ерекше алғыс айтамын», — дейді Қаржаубай.

Сондай-ақ ол халықтан митингіге шықпауын өтінді.

«Қантөгіс болмасын. Адамдар шоғырланған жерге менің жауларым келіп пайдаланып кетуі мүмкін. Ертеңгі күні мені аяқтан шалу үшін көтеріліс ұйымдастырып, бауырыма қастандық жасауы мүмкін. Мен заң аясында дұрыс шешім шыққанын қалаймын», — деді Шерзаттың әкесі.

Еске салсақ, 4 қазан күні Талғар қаласында болған қайғылы жағдай қоғамда үлкен резонанс тудырды. 16 жастағы Шерзаттың өліміне қатысты іс Ішкі істер министрінің жеке бақылауында. Белсенді Айтбек Амангелді қаза тапқан жасөспірімнің отбасына адвокаттар тауып берген еді. Ол отбасыға тегін қызмет көрсетуге келіскен үш адвокатты ұсынған.

Другие новости

Back to top button