Нур-Султан

Салауатты ұрпақты тәрбиелейміз: Астанада «Салауатты тамақтану мектебі» білім беру бағдарламасының Республикалық конференциясы өтті

 Астанада «Салауатты тамақтану мектебі» білім беру бағдарламасының 10 жылдығына арналған «Салауатты ұрпақты тәрбиелейміз» атты Бірінші республикалық конференция өтті. Іс-шараға Қазақстанның 10 облысынан өңірлік білім басқармаларының өкілдері мен педагогтер қатысты. Конференцияны ұйымдастырушылар – Астана қаласы әкімдігінің Әдістемелік орталығы, Алматы қаласы Білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығы және «Нестле Қазақстан».

 

Денсаулық, тамақтану, білім беру және нутрициология саласындағы жетекші сарапшылар – Қазақ тамақтану академиясының, Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының өкілдері мен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ұлттық Қоғамдық денсаулық сақтау орталығы – қазіргі мектептің балалар мен жасөспірімдер арасында денсаулық мәдениетін дамытудағы рөлі мен маңызына байланысты мәселелерді талқылады. Астана мен Алматы әкімдіктерінің әдістемелік орталықтарының мамандары іс-шараға қатысушыларды Қазақстанда 2013 жылдан бастап енгізіліп келе жатқан «Салауатты тамақтану мектебі» білім беру бағдарламасының жұмыс тәжірибесімен таныстырды. Конференция аясында бағдарламаны іске асырудың жаңа білім беру құралы – балаларды салауатты өмір салты негіздеріне оқытудың цифрлық курсы ұсынылды. Оның арқасында бағдарлама бүкіл республиканың мектептеріне қолжетімді болады.

«Дені сау оқушыны тәрбиелеу – жалпымемлекеттік және кешенді мәселе. Сондықтан бастауыш сыныптарда балалардың дұрыс тамақтанудың маңызы туралы білім мен идеяларды жүйелі түрде алуы үшін оқу-тәрбие процесін құру өте маңызды. Бұл бағытта бізде тиімді құрал – «Салауатты тамақтану мектебі» бағдарламасы бар. Ол бастауыш сынып оқушыларына арналған, өйткені дәл осы жаста мінез-құлықтың барлық нормасы, күн тәртібі мен тамақтану тәртібі белгіленеді, — деп атап өтті Астана қаласы әкімдігінің Әдістемелік орталығының басшысы Сындар Дәуешова».

«Салауатты тамақтану мектебі» бағдарламасы Қазақстанда 2013 жылы басталды. 10 жыл ішінде педагогикалық және ата-аналар қоғамының күшімен көптеген қызықты және пайдалы жұмыс атқарылды. Бұл фестивальдер, конкурстар, онлайн кездесулер мен аспаздық сабақтар. Сондай-ақ, біздің балалар мен педагогтер «Нестле. Дені сау балалар» бастамасы аясында барлық халықаралық байқауға зор қызығушылықпен қатысады. Сонымен қатар, 2022 жылы бағдарлама аясында мұғалімге арналған әдістемелік құралдан, жұмыс парақтарынан және оқушыларға арналған презентациялардан тұратын жаңа цифрлық курс құрылды. Ол сараптамадан сәтті өтіп, жаңа оқу жылында іске қосылады. Біз бұл курсты Астана мен Алматының ғана емес, Қазақстанның барлық өңірінің педагогикалық жұртшылығы жоғары бағалайтынына сенімдіміз, — деді Татьяна Ежова, Білім берудегі жаңа технологиялардың қалалық ғылыми-әдістемелік орталығының бөлім бастығы, Алматы қ.».

«Денсаулық мәдениетін қоғамда ілгерілету тіпті ең кішкентай балалардан бастап қамтуы тиіс арнайы ағарту жұмысынсыз мүмкін шаруа емес. Өйткені, пайдалы әдеттердің қалыптасуы неғұрлым ерте басталса, нәтиже соғұрлым тиімді болады. Сондықтан Нестле компаниясы жас қазақстандықтарды дұрыс тамақтану ережелеріне тәрбиелеуге бағытталған оқыту курсын әзірлеу мен енгізудің бастамашысы болды. Біз Қазақстанның білім беру, тамақтану, денсаулық сақтау салаларындағы жетекші сарапшыларымен күш-жігерімізді біріктіргенімізге қуаныштымыз және осылайша еліміздің дені сау ұрпағын тәрбиелеуге маңызды әлеуметтік үлес қоса алатынымызға сенеміз, — деп атап өтті «Нестле» білім беру бағдарламалары бөлімінің басшысы, педагогика ғылымдарының кандидаты Александра Макеева.

«Салауатты тамақтану мектебі» бағдарламасы туралы

«Салауатты тамақтану мектебі» қазақстандық бағдарламасы «Нестле. Дені сау балалар» жаһандық бастамасы аясында жүзеге асырылып келеді. Бастаманың мақсаты – 2030 жылға қарай дүние жүзіндегі 50 миллион балаға салауатты өмір салтын ұстануға көмектесу. «Салауатты тамақтану мектебі» 2013 жылдан бастап Астана мен Алматы мектептерінде жұмыс істейді. Бағдарлама 6-8 жастағы балаларға бағытталған және мұғалімдер өткізетін сабақтар жүйесі арқылы жүзеге асырылады. Ол Қазақ тамақтану академиясымен және «Өрлеу БАҰО» АҚ филиалының Қазақстан Республикасы Білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыру республикалық институтымен бірлесіп әзірленді. Қазақстанда іске асыру барысында барлығы 60 000-ға жуық бала «Салауатты тамақтану мектебімен» танысты.

Nestle компаниясы туралы

Нестле — әлемдегі ең ірі тамақ және сусын компаниясы. Компания әлемнің 188 елінде бизнес жүргізеді. Оның бүкіл әлем бойынша қызметкерлерінің саны шамамен 275 мың адамға жетеді және олардың барлығы «Nestle» мақсатын қолдайды — өнімдердің пайдасын ашып, біз бүгінгі және болашақ ұрпақ үшін әр баланың өмір сүру сапасын арттырамыз. «Nestle» тек адамдардың ғана емес, сонымен қатар олардың сүйікті үй жануарларының өмірін жақсартуға арналған өнімдер мен қызметтердің мол ассортиментін ұсынады. Компанияның өнім желісіне 2 мыңнан астам бренд кіреді, аты аңызға айналған және бүкіл әлемге танымал, мысалы, Nescafé немесе Maggi, Еуразия аймағында танымал «Быстров» және «Nesquik» брендтеріне дейін. Компания өз қызметінде тамақтану және салауатты өмір салтын терең сараптауға негізделген стратегияны басшылыққа алады. Нестленің штаб-пәтері 150 жылдан астам уақыт бұрын компанияның тарихы басталған Веве қаласында (Швейцария) орналасқан.

 

Другие новости

Back to top button