Спорт

Сәкен Бибосынов Азия чемпионатында өзбек боксшысынан ұтылып қалды

Қазақстандық боксшы Сәкен Бибосынов (51 келі) Таиландтың Чиангмай қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатының жартылай финалына өте алмады, деп хабарлайды Ulyssport.kz порталы ҰОК-ға сілтеме жасап.

Бибосынов турнир аясында алғашқы жекпе-жегін ширек финалдан бастаған еді. Алайда ол жарысты жалғастыра алмады. Асылбек Жәлілов төрешілердің шешімімен жеңісті суырып алды.

Айта кетейік, 6 желтоқсан күні, 48 келі салмақ дәрежесінде Санжар Тәшкенбай жартылай финалға жолдама алған.

Другие новости

Back to top button