Главное

Сайыров Бектеновке «сәлем айтты». Қошанов мұны «артық» деп ескертті

Мәжіліс депутаты Ерлан Сайыров ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің ірі капиталға қатысты берген жауабына көңілі толмай, Бектеновке «сәлем» айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

Сайыров Жұманғариннен жауап ала алмағанын жеткізді.

— Өкінішке қарай, мен жауап ала алмадым. Меніңше, ірі капитал мүддесін лобби жасау фактілері бар. Сондықтан сізден үлкен өтінішім – өз қарамағыңыздағы адамдарды бақылап, премьер-министрге сәлем айтыңыз. Бұлай жұмыс істеуге болмайды. Менің ойымша, біз сізбен бірге мемлекет мүддесі үшін дұрыс шешім қабылдаймыз деп сенемін, деді Сайыров.

МӘЖІЛІС ТӨРАҒАСЫНА БҰЛ ҰНАМАДЫ

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановқа Сайыровтың мұнысы ұнамады.

— Әріптесіміз депутат Сайыровтың сөзі бойынша: премьер-министрге “сәлем айту” артық болады деп ойлаймын. Тиісті министрлік егер орынбасары жауап бере алмаса халға шақырып, біз айтқан мәселе бойынша тыңдауға құқығымыз бар. Осыны болашақта ескеріңіз, дейді Қошанов.

Другие новости

Back to top button