Госорганы

Сайлауға түскен кандидаттар комиссияға енгізген жарнасын қайтарып ала алмайды

Кезектен тыс президент сайлауында жеңіліп қалған 5 кандидат орталық сайлау комиссиясына енгізген жарнасын қайтарып ала алмайды. Үміткерлер төлеген 3 миллион теңге бюджетке түседі. Себебі олар конституциялық заңда бекітілген межеге жете алмады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның “Информбюро” бағдарламасына сілтеме жасап.

20 қарашада өткен маңызды саяси додаға талапқа сай келген 6 кандидат қатысты. Әр үміткер орталық сайлау комиссиясының шотына заңнамада белгіленген ең төменгі жалақының елу еселенген мөлшерінде (3 миллион теңге) жарна құйды.

Бірақ енді сайлаушылардың небәрі 2-3% дауысын жинаған 5 кандидат та жарнасын қайтара алмайды. Себебі олардың ешбірінің көрсеткіші 5% жеткен жоқ. Сондықтан 15 миллион теңге тікелей республикалық бюджетке аударылады.

Другие новости

Back to top button