Госорганы

Саяси жүйенің терең жаңғыруы

Қазақстан өз дамуында кешенді реформалар арқылы саяси, экономикалық және әлеуметтік салаларын жан-жақты жетілдірудің ауқымды процесін жүзеге асыруда.

Еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бірнеше жылдың барысында ауқымды өзгерістерді іске асырып келеді. Олардың барлығы қоғамда жинақталған түйіткілді проблемаларды, азаматтардың көтеріп жүрген өзекті мәселелерін шешуге, халықтың мүддесін қорғауды нығайтуға, әділеттілік принциптерінің мызғымастығын қамтамасыз етуге және отандастарымыздың өмір сапасын жақсартуға бағытталған. Бұл процестер Мемлекет Басшысы өзі бастама көтеріп ұсынған «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» принципінің жан-жақты орындалып келе жатқандығының айқын көрінісі деп білемін.

Халыққа арналған қыркүйек айындағы Жолдауда еліміздің модернизациясы өзінің жалғасын тапты. Президенттік мерзімді екі мерзімнен бір мерзімге қысқартып, жеті жылдық көлемде бекіту ұсынылды. Бұл мемлекетіміздегі саяси әралуандықтың нығаюы мен демократия принциптерінің кеңеюі деп есептеймін.

Осымен бірге Қазақстан тарихында алғаш рет сайлаудың алдын ала жариялану фактісінің куәгері болдық. Президент бір ай бұрын сайлау процестерінің басталуын жария етті. Аталмыш ұсыныстың елдегі саяси ұйымдардың жұмысын жоспарлы ұйымдастыруға негіз болатынын отандық сарапшылармен қатар, шетелдік саясаткерлер мен кәсіби мамандар да атап өтті.

Қазір әлемдегі геосаяси ахуал аса күрделі, біздің өңіріміздегі жағдай да алаңдаушылық тудырады. Осы мақсатта Қазақстан ішіндегі тұрақтылықты нығайту стратегиялық маңызға ие.

Еліміздегі саяси жүйе толығымен жаңғыруы қажет. Осы мақсатта кезектен тыс Президент сайлауын 20 қарашаға белгіленіп, Мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихаттар сайлаулары келесі жылдың бірінші жартыжылдығына жоспарлануда.

Қазақстан қоғамы ішкі процестерін беріктендіріп, алдағы дамудың нық алғышарттарын қалыптастыруда.

 

Бекқали Торғаев – Парламент Мәжілісінің депутаты, «Amanat» партиясы Фракциясының мүшесі

Другие новости

Back to top button