Госорганы

Саясат Нұрбек ғылыми институт басшылары мен академиктердің қартайып кеткенін мойындады

Қазір Қазақстандағы академиктердің орташа жасы – 69 жас

Қазақстанда ғылыми зерттеу институттарының басшылығы мен Ұлттық ғылым академиясының басшылығындағы кадрлардың қартайғаны байқалады. Бұл туралы Мәжілісте өтіп жатқан Үкімет сағатында Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек  мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Үкімет сағатындағы баяндамасын еліміздегі ғылыми кадрлардың әлеуетінен бастаған ол Қазақстанда неше ғалым бар екенін хабарлады.

«Бүгінде елімізде 22 456 ғылыми кадр бар. Зерттеушілердің 37 пайызы ғылыми және академиялық дәрежеге ие, бұл – жоғары көрсеткіш емес. Жастарына тоқталсақ, зерттеушілердің 34 пайызын – 35 жасқа дейінгі жас ғалымдар, 43 пайызын – 35-54 жастағы ғалымдар, 23 пайызын  55 жастан асқан ғалымдар құрайды», — деді Саясат Нұрбек.

Ол осы кадрлар арасында басшылық құрамның қартайып кеткенін мойындады.

«Бірақ ғылыми зерттеу институттарының басшылығына келетін болсақ, осы жерде басшы кадрлардың қартаюын байқап отырмыз. Ғылыми зерттеу институттары басшыларының орташа жасы – 59 жас, ал Ұлттық ғылым академиясындағы академиктердің орташа жасы – 69 жас», — деді Үкімет сағатында ол.

Другие новости

Back to top button