Главное

Сәбит Әбдіхалықов: менің немерем қызымнан үлкен

Актер Сәбит Әбдіхалықов журналист Анна Данченкоға берген сұхбатында немересі қызынан үлкен екенін айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Менің немерем қызымнан үлкен. Қызымның әпкесі бар», — деп күлді актер.

Ол үшінші әйелінен 5, 3 жаста және 6 айлық үш баласы бар екенін атап өтті.

Айта кетері, Айгүл Иманбаева мен Сәбит Әбдіхалықов ұлдарының тойын, немерелерінің тұсаукесерін тойлаған болатын. Журналист Анна Данченко Айгүл Иманбаеваның ұлы Аслыжанның шаңырақ көтеріп, балалы болғанын көпшілік біле бермейтінін жазды.

«Аслыжан — жеке өмірін жария етуден алшақ жан. Жан жары — Жансая, өзінен екі жас үлкен. Бір салада қызмет етеді. Қазір Айсұлу есімді қыздары бар. Бұйырса, жақында тағы бөпелі болмақ», – дейді журналист.

Асылжан мен Жансая үйлену тойын өткізбеген екен. Бірақ, Айгүл Иманбаева ұлы мен келініне Алматыда отбасылық дастархан жайып, артынан немересінің тұсаукесер рәсімін жасап беріпті.

Другие новости

Back to top button