Выбор редакцииШымкент
Сәбиіне қол көтерген ана халықтан кешірім сұрады
Ол бұған дейін балаға қол көтермегенін және қиын өмірдің кесірінен осылай істегенін мойындады
Шымкенттегі бала құқықтары жөніндегі уәкілі Жаннета Жазықпаева ауруханада сәбиіне қол көтерген ананың видеосын жариялады. Ол бұған дейін балаға қол көтермегенін және қиын өмірдің кесірінен осылай істегенін мойындады.
Жазықпаеваның өзі облыстық ауруханаға барып, жас анамен байланысқа шыққанын айтты. Онымен сөйлескеннен кейін балалар омбудсмені баланың бір аптадан кейін ауруханадан шығатынымен бөлісті. Ауруханада әйелмен психологтар жұмыс істеп жатыр. Шыққаннан кейін құқық қорғау органдарымен бірлесе отырып, әйелдің тұрғылықты жері бойынша көршілерімен мониторинг жүргізіледі.
Сәбидің анасы бұл әрекеті үшін ұялып, қателескенін айтып, Қазақстан халқынан кешірім сұрады.