Главное

Руслан Омаровтың ұсталғаны рас па

«Бірінші кредиттік бюро» (БКБ) ұйымы бас директоры Руслан Омаровқа қатысты тексеру жүргізіліп жатқанын растады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

LS басылымы БКБ-ның ресми түсініктемесін келтіреді:

– Руслан Омаровқа қатысты уәкілетті органдар аясында тексеру шаралары жүргізілуде. «Бірінші кредиттік бюро» қалыпты режимде жұмыс істеп жатыр, – деп мәлімдеді қаржы ұйымы.

Айта кетейік, Руслан Омаров – БКБ бас директоры қызметін атқарады.

КОНТЕКСТ

Бұған дейін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бұрынғы вице-министрі Ақмәди Сарбасовтың ұсталғаны хабарланған еді. Ол биыл сәуір айынан бері «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ-ның президенті қызметін атқарған.

Журналист Михаил Козачков жеке дереккөздеріне сілтеме жасап, Омаров пен Сарбасовтың қазақстандықтардың жеке деректерін сату ісі бойынша тергеу аясында ұсталғанын хабарлады.

Другие новости

Back to top button