Костанайская область

Рудныйдағы Соколов-Сарыбай кен орнында жұмысшы қаза тапты

Рудныйдағы Соколов-Сарыбай тау-кен байыту өндірістік бірлестігі аумағында жұмысшы қаза тапты. Ақпаратты кәсіпорынның баспасөз қызметі растады. Бұл туралы Stan.kzақпарат агенттігі Alau.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

 

Қазақстандықтар Whatsapp мессенджерінде жұмысшы бұрғымен жұмыс істеп жатқанда электр тоғы соғып қаза болғаны туралы ақпарат таратып жатыр.

«ССКӨБ» АҚ баспасөз қызметі жағдайға қатысты түсініктеме берді.

«ССКӨБ» аумағында темірбетон еденді бөлшектеу жұмыстарын жүргізу кезінде мердігер мекеме қызметкері оқыс оқиғаға ұшырады. «ССКӨБ» АҚ ұжымы мен басшылығы марқұмның отбасына қайғыларына ортақтасып көңіл айтады көңіл айтады. Оқиға бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», — делінген хабарламада.

Фото: Alau.kz

Айта кетейік, Соколов-Сарыбай тау-кен байыту өндірістік бірлестігі – Қазақстандағы ең ірі темір рудасын өндіретін және өңдейтін кәсіпорын.

Другие новости

Back to top button