Культура

Роза Әлқожаның баласын болашақ құдалары менсінбей қойған

Отандық әнші Роза Әлқожа ұлын не себепті үйлендірмей қойғанын айтты деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

 

Өнер иесі ер жеткен ұлын қазақы дәстүрмен үйлендіргісі келіп, қыз көруге барған. Алайда мұнысы сәтсіз аяқталған көрінеді. Бұл туралы ол өзінің Instargam-дағы парақшасында жазды.

“Мен негізі ұлыма да, қызыма да жар таңдауда асықпаңдар деп айтамын. Өйткені үйлену –  оңай, үй болу қиын. Екеуара үйлесім болмаса, ол сенімен көзқарасы бір болмаса неке түгілі, бизнесте одақ құру қиын. Жақында ұлымызды көрген бір әйел “қыз көріңдер” деген соң, барып танысқанбыз. Содан қыз бен бала бір-бірін ұнатып, кездесіп жүрсе, әкесі тыйым салыпты. Бизнесмен болсын дейтін көрінеді. Біз өзі әннен басқаны білмейтін өнерлі әулетпіз ғой. Бара қойсын дедік. Мен бар болғаны “адамның басын емес, дүниесін қадірлейтіндер керек емес” дедім”, – дейді әнші.

Желі қолданушылары эстрада жұлдызының бұл сөзінен кейін оны қолдап, жазба астына пікір қалдырды.

“Деген жұрт дей берсін олар сенің жеткен жетістігіңді көре алмайды”, “Саналы, ибалы, инабатты келін берсін”, “Адамды бағалау керек, дүниені емес, дұрыс айтасыз”, “Дұрыс, тең теңімен, тезек қабымен”, – деп жарыса жазды желідегілер.

Бұған дейін Роза Әлқожаның ұлының үйленуіне қарсылық танытқаны туралы жазған болатын.

Другие новости

Back to top button