Госорганы

Риддердегі жылу электр орталығын коммуналдық меншікке беру туралы келіссөз жүріп жатыр

Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі Энергетика министрлігінің қолдауымен Риддердегі жылу электр орталығын коммуналдық меншікке беру туралы келіссөз жүргізіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

Бұл жайында Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Үкімет отырысынан кейін мәлім етті.

Министр БАҚ өкілдерінің сұрағына берген жауабында облыс әкімі Даниал Ахметовтің аталмыш нысанды коммуналдық меншікке алу мәселесін табанды түрде қойып отырғанын айтты.

«Өйткені әкімдік жаңа меншік иесінің менеджмент сапасына күмәнмен қарап отыр. Қазіргі кезеңде әкімдік жаңа меншік иесімен біздің қолдауымыз арқылы жылу нысанының активін коммуналдық меншікке беру туралы дұрыс бағытта келіссөз жүргізіп жатыр. Бірақ, екінші жағынан ол жерде көптеген заң бұзу фактілері бар екенін түсініп отырмыз. Стансаны осы күйге жеткізген басшылардың жауапкершілік мәселесі бар. Ол стансаны келесі жылыту маусымына дайындау жұмыстары осы тұрғыдан жүріп жатыр», — деді министр.

Другие новости

Back to top button