Восточно-Казахстанская область

Риддерде жылу орталығына жөндеу жүргізіліп, тұрғындар жаз бойы ыстық сусыз отыруы мүмкін

Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласында жылу электр орталығындағы жөндеу жұмыстарына байланысты тұрғындар жаз бойы ыстық сусыз отырады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

«Риддер ЖЭО» АҚ мәліметіне сүйенсек, 10 мамырдан бастап қала бойынша ыстық су өшірілген. Бұған жылу электр орталығына жөндеу жұмыстарының жүргізілетіндігі себеп.

«Жоспар бойынша орталықтағы қазандықтар өшірілді. Жөндеуге дайындық жұмыстары басталып кетті. Қазіргі уақытта жобалаушы ұйымдар ЖЭО-ға келіп, жөндеу жұмыстарына қажетті жобаларды әзірлеу үстінде», — делінген ақпаратта.

Осылайша, қала тұрғындары жаз бойы ыстық сусыз отырады.

Еске салсақ, осыған дейін Риддерде жылыту маусымы аяқталғанын хабарлаған едік.

Другие новости

Back to top button