Ресейліктер Оралдағы балалар лагеріне орналастырылды
Оралға келген Ресей тұрғындарына тұрғын үй жетіспеуде. Кейбіреулер вокзалдар мен көшелерде уақыт өткізіп, түнде кинотеатрда түнеуде. Осы орайда еріктілер әкімдікке маусым аяқталған балалар лагерін ашу туралы ұсыныспен шыққан. Қазір кейбір ресейліктер Оралдағы балалар лагеріне орналастырылған, деп хабарлайды «Уральская неделя» басылымы.
Ресейліктер орналастырылған «Атамекен» балалар лагерінің қызметкерлері лагердің 100 орынға шақталғанын хабарлады. Олардың барлығы бірден толып кеткен. Ресейлік азаматтарды орналастыру үшін Әкімшілік акт залына екі қабатты кереуеттер қойылған. Мұнда келген әкімдік өкілі билік тағы бір «Самал» балалар лагерін ашуға дайындалып жатқанын айтты. Лагерьде тәулігіне тұру құны – 2 мың теңге. Лагерьде көші-қон полициясы мен әкімдік өкілдері, тәртіп сақшылары кезекшілік етеді. Басылым негізінен қонақтар лагерьде бір-екі күн болып, әрі қарай Қазақстанның басқа қалаларына кетіп жатқанын атап өтті.
Еске сала кетейік, бұған дейін Орал қаласының тұрғындары елге келген ресейлік азаматтарға қолдан келгенше көмек көрсетіп жатқанын хабарлаған едік