Госорганы

Ресейден авиаотын әкелуге тыйым салынды – Энергетика министрлігі себебін түсіндірді

Энергетика министрлігі Ресей Федерациясынан авиакеросин импортына неліктен тыйым салынғанын түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 

«Қазақстандық әуежайлардың қажеттілігі үшін Ресей Федерациясынан авиакеросин импортының артық болуына байланысты 420-дан астам вагон–цистерна немесе 25 мың тонна Алматы қаласы маңындағы теміржолда және 100-ден астам вагон немесе 6 мың тонна Астана қаласы маңындағы теміржол бойында тұр», – делінген ведомство таратқан хабарламада.

Сонымен қатар министрлік ауа температурасы 20-30 градустан жоғары болған жағдайда өрт қаупі барын ескертіп отыр.

«Сондай-ақ авиакомпаниялар мен әуежайлардан жөнелту туралы өтінімдердің болмауына байланысты мұнай өңдеу зауыттарында өнімнің артық болуы және қайта өңдеудің төмендеу қаупі бар. Осыған байланысты, 8 маусымда министрлік «Қазақстан темір жолы» АҚ-ға жағдайды қалыпқа келтіргенге дейін Ресей Федерациясынан авиаотын әкелуге конвенциялық тыйым салу туралы хат жолдады», – дейді министрліктен.

Бұған дейін БАҚ беттерінде Ресейден авиаотын импортына бір айға тыйым салынғаны жөнінде хабарланған болатн.

Другие новости

Back to top button