Госорганы

Ресейде тұратын қазақстандықтар әскери комиссариаттан шақырту қағазын ала бастаған

Қазақстан Сыртқы істер министрлігі осындай жайттарға қатысты пікір білдірді

Ресей Федерациясында тұратын кейбір қазақстандықтар елде жарияланған ішінара мобилизацияға байланысты әскери комиссариаттан шақырту алған. Қазақстан Сыртқы істер министрлігі осындай жайттарға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.  

«Әлбетте, ақпараттық базада кейде сәйкессіздіктер болып жатады. Егер адам, мысалы, Ресей аумағында жүрсе, және азаматтық алмай, тұрақты тұруға рұқсат алған болса, онда өз құжатын әскери комиссариатқа апарып көрсете алады немесе Қазақстан елшілігіне жүгінуіне болады», — деп түсіндірді ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров.

Айта кетсек, әлеуметтік желіде Ресейде бірнеше жылдан бері тұрып жатқан қазақстандық азаматтар да сол елде жарияланған ішінара мобилизацияға байланысты әскери комиссариаттарға шақыру қағазын ала бастағаны туралы ақпарат тарады.

 

Другие новости

Back to top button