Социум

Ресейде өтетін Жеңіс күні шеруіне тек Қырғызстан президенті барады

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров – биыл Ресей президенті Владимир Путинге 9-мамыр Жеңіс Күнін тойлауға келетін жалғыз шетелдік көшбасшы деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Ведомости» басылымына сілтеме жасап.

 

Жапаров салтанатты шараға қатысады. Ресей Федерациясы президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков басқа елдердің көшбасшылары, соның ішінде Беларусь президентінің келу-келмеуіне байланысты жауап берген жоқ.

Жапаровты РФ вице-премьері Алексей Оверчук шақырды, ол халықаралық қатынастар үшін жауап береді.

«8-9 мамырда сізді күтеміз. Бұл сапарға ең басты ортақ мерекеміз — Жеңіс Күні ерекше мән береді. Қырғызстанның осы жеңіске және Мәскеуді қорғауға қосқан үлесі мәңгі есімізде, бұл біз үшін ерекше құрмет», — деді Оверчук 31 наурызда Қырғызстан президентімен кездесуд барысында.

Украинада соғыс басталғаннан кейін, 2022 жылы Жеңіс күніне арналған шеруге бірде-бір шетелдік көшбасшы келмеді. Кремль бұл мерейтойлық жыл емес деп ақталды.

Бұған дейін 9 мамырдағы шерулерге әлемнің жетекші елдерінің басшылары келген. Соның ішінде АҚШ президенті, Ұлыбритания премьер-министрі, Франция президенті, ҚХР төрағасы, ГФР канцлері, сондай-ақ БҰҰ бас хатшысы және тіпті НАТО бас хатшысы болды.

Биыл Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 78 жылдығы атап өтіледі. Ресейдің 28 қаласында әскери шерулер өтеді деп күтілуде, ал Қызыл алаңдағы шеруге 10 мыңнан астам адам және 125 қару-жарақ пен техника қатысады. Бұл туралы қорғаныс министрі Сергей Шойгу мәлімдеді.

Алайда бірқатар аймақтар 9 мамырға орай мерекелік шара өткізуден бас тартты. Украинамен шектесетін Қырым, Курск және Белгород облыстары салтанатты шара өткізбейді. Белгород облысының басшысы Вячеслав Гладков  «жауды арандатпау» үшін мұндай қадамға баруға тура келгенін айтты.

Сондай-ақ Ресейде «Өлмес полктің» шерулері жойылды. Акцияны ұйымдастырушылар ардагер туыстарының суреттерін әлеуметтік желілерде, киімде, көлікте орналастыруды ұсынды.

Другие новости

Back to top button