Госорганы

Ресей, Түрік, Үнді, Корей телехикаяларына неге шектеу қойылмайды — Аида Балаева түсіндірді

Ресей, Түрік,Үнді, Корей телехикаяларынан толықтай бас тарта алмаймыз. Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева осылай деп мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

 

Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте министр Аида Балевадан Stan.kz ақпарат агенттігінің тілшісі отандық телеарналарда шетелдік телесериалдарды көрсету үрдісі әлі де азаймағанын айтты.

“Отандық телеарналарда ресейлік және өзге де елдердің телехикаяларын көрсету үрдісі әлі де жалғасып келеді және бұл көрсеткіш азаяр емес. Қашан біз осы тауарлардан толықтай бас тартып, отандық өнімдермен толықтай айналысуға көшеміз? Өзіңіз баяндап өткен «Масс-медиа» заңында қаралады ма?,- деп сұрады тілшіміз.

Министр шетелдік өнімдерден бас тартатын уақыт әлі жетпегінін айтты.  Десе де, қазір олардың саны айтарлықтай азайған.

“Бұл жерде отандық телесериалдың жақсы баға алып, жақсы қарқынды дамып келе жатқанын көріп отырсыздар ғой. Бүгінгі күннің өзінде біздегі барлық телеарналардың өзі отандық телесериалдарды қарқынды түсіріп жатыр. Бірақ оның барлығы бірсыпыра уақытты талап ететін болған соң,  олар сіз айтып өткен түрік, ия болмаса үнді, корей, ресей сериалдарын алып отыр. Алдында одан да көп болған. 2020-2021 жылдары мен министр болып келген уақытта телеарналардың бірі кемі 6 сериал көрсететін,- деді Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева.

Балаева қазіргі уақытта отандық арналарадан көрсетілетін сериалдардың саны күрт өзгергенін айтты. Айтуынша, әр телеарнада кемі бір-екі сериалдан ғана бар. Сапалы отандық сериалдар санын осы қарқынмен арттыра берсек, шетелдік өнімдерді көрсету азаяды.

Министр “шетелдік тауарлардан толықтай бас тартатын уақыт келеді ме?”- деген сұраққа былайша жауап берді.

“Бұл аудиторияны тарту жолының бірі ғой. Сондықтан телеарналар да халық арасында сұраныс жоғары сериалдарды сатып алады. Шетелдік телехикаяларды отандық эфирлерден мүлдем алып тастау деген мәселе болмайды деп ойлаймын”,- деп жауап берді Балаева.

Другие новости

Back to top button