Ресей стримингтарынан алып тасталған «Кадет» фильмін қайдан көруге болады?

Қазақстандық режиссер Әділхан Ержановтың «Кадет» фильмі Роскомнадзордың нұсқауы бойынша ресейлік онлайн-кинотеатрларда көрсетілмейтін болды деді РИА Новости агенттіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
«Кадет» хорроры жасөспірім ұлы Серікті (жас актер Ратмир Юсупжанов) кадет мектебіне беретін тарих пәнінің мұғалімі Алинаның (Анна Старченко) оқиғасын баяндайды. Алайда, көп ұзамай Алина бұл шешімі үшін өкінеді. Тарихы терең мектепті мазалайтын тылсым бар: кадеттер терезеден секіреді, басшылық үнемі суицид туралы рапорттар дайындайды, ал елес мектепті күні-түні аралап жүреді. Сыныптастары Серікті «тым нәзік» деп қорлық көрсете бастайды, ал мектеп әкімшілігі жасөспірімнен тезірек құтылғысы келеді. Көп ұзамай Серік өзгеріп, қауіпті жағдайға тап болады.
2025 жылдың күзінде Қазақстанның Оскар комитеті 2026 жылғы «Оскар» сыйлығына «Кадет» фильмін «Үздік халықаралық көркем фильм» санатына таңдап алды, бірақ кейінірек іріктеу процесіне қатысты қоғамдық дау-дамайдан кейін фильм тізімнен алынып тасталды, нәтижесінде Қазақстан ресми өкілсіз қалды.
Фильмдегі басты рөлді сомдайтын жас актер Ратмир Юсупжанов та ерекше тағдырлы бала. Ол дүниеге келген сәттен бастап жаңалықтар жұлдызына айналды деп айтса да болады. Ратмир 2010 жылы перзентханадан ұрланып, үш тәуліктен кейін отбасына қайта оралған сәби. Қазір Ратмир кәдімгі жасөспірім, мектепке барады және достарымен уақыт өткізеді — қысқасы қарапайым өмір сүреді. Сонымен қатар «Кадет» фильміндегі басты рөлге 1000 баланың арасынан таңдалды. Енді Ратмир нағыз әлемдік кино жұлдыз.
Қазіргі уақытта “Кадет” фильмін заңды түрде қазақстандық онлайн кинотеатр Unico Play-де көруге болады.
Платформа фильмді жоғары сапада, соның ішінде ресейлік стримиң нұсқаларынан алынып тасталған көріністерімен бірге ұсынады.
Unico Play қазақстандық киноның дамуын қолдайды, сондықтан “Кадет” өзінің түпнұсқа форматында ұсынылады және тек ел бойынша ғана емес, сонымен қатар бүкіл әлем көрермендеріне қолжетімді.


