Социум

Ресей Қазақстан арқылы санкциялардан жалтаруға тырысып жатыр — АҚШ

материалға сілтемені көшіру

 

“Біздің міндетіміз – Ресейдің соғыс жүргізу қабілетін әлсірету. Сондықтан біз экспорттық бақылау шараларының кең ауқымды кешенін, сондай-ақ Ресей Федерациясына қарсы санкцияларды енгіздік. Бұл жүйе өте сәтті болды, сондықтан қазір Ресей Федерациясы қарулы техника паркін ауыстыру мен жаңартуда қиындықтарға тап болып отыр. Қазіргі уақытта Ресейқажет тауарлар мен компоненттерді алу үшін экспорттық бақылау мен санкциялардан жалтаруға тырысуда. Жалтарудың бір жолы – бұл тауарларды Қазақстан сияқты үшінші елдер арқылы жеткізу”, – деді Мэтью Аксельрод сейсенбіде өткен жиналыста.

Оның айтуынша, елге үлкен алаңдаушылық тудыратын нақты тауарлардың тізбесі туралы ақпарат беру үшін Қазақстанға шетелдік делегация келген.

“Біз компьютерлік чиптер сияқты тауарларға, сондай-ақ ресейлік зымырандар мен дрондарға қажетті интеграцияланған электронды жүйелерде қолданылатын элементтерге басымдық береміз. Бүгін біз iPhone телефондары туралы емес, кір жуғыш машиналар туралы емес, біз Украина аумағында бейбіт тұрғындар мен әскерилерді өлтіру үшін ресейлік әскери машина пайдаланатын зымырандар мен ұшқышсыз ұшақтарды басқару үшін пайдаланылатын компьютерлік технологиялардың нақты элементтері туралы айтып отырмыз.Мұндай заттар мен тауарларды Қазақстан Республикасының аумағы арқылы Ресей Федерациясының аумағына жеткізу экспорттық бақылауды, сондай-ақ Америка Құрама Штаттарының заңнамасын тікелей бұзу болып табылатынын баса айтқым келеді”, – деді АҚШ сауда министрінің көмекшісі.

Ол соғыс басталғаннан бері Қазақстан Республикасының аумағына кейбір тауарларды жеткізудің күрт өскенін атап өткен.

“Сонымен бірге, Қазақстан Республикасынан Ресей Федерациясының аумағына тасымалданатын осы нақты тауарлардың күрт өсуі тіркелді.
Соғыс басталған сәттен бастап бүгінгі күнге дейін бұл тауарлардың сатып алынған сомасы миллиондаған АҚШ долларына жеткен”, – дейді Мэтью Аксельрод.

Оның айтуынша, Қазақстан жалғыз емес, бұл үлгі Орталық Азияның басқа елдерінде де байқалады. Делегация дәл осындай сапарды Қырғызстанға да жоспарлаған.

“Санкциядан жалтару үшін қазақстандық компанияларды пайдаланып жатыр деген қорытындыға келдік. Сондықтан біз осы аптада осында боламыз. Біз Қазақстан Республикасы үкіметінің өкілдерімен, сондай-ақ сала өкілдерімен сөйлесіп жатырмыз. Олар бізді толық түсініп отыр”, – деп қосты ол.

Другие новости

Back to top button