Социум

Ресей нарығынан кеткен 70-ке жуық шетелдік компания Қазақстанға көшіп келмек

25 компания көшіру жұмыстарын толығымен аяқтап үлгерген

Ресей нарығынан кеткен 67 шетелдік компания өз өндірістері мен кеңселерін Қазақстанға көшіруге келісім берді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy агенттігі 31-арнаға сілтеме жасап.

Ал 25 компания көшіру жұмыстарын толығымен аяқтап үлгерген. Бұлар негізінен 38 мемлекеттің ірі компаниялары. Нақты айтсақ, Германия, АҚШ, Швейцария және Жапония сияқты алпауыт елдердің бизнесмендері кәсіптерін Қазақстанда жалғастыруға дайын.

Мәселен, электрондық басқару және автоматтандыру жүйелерін шығаратын америкалық Honeywel компаниясы Алматыда шағын өндіріс орнын ашты. Сонымен қатар танымал Тик Ток платформасы өз кеңсесін біздің елге көшірді.

Қазақстанға келгісі келетіндердің қатарында такси қызметін ұсынатын  inDriver, темір рудасын өндірумен айналысатын австралиялық Fortescue тау-кен компаниясы, Францияның ірі машина жасайтін компаниясы Alstom бар. Және Ozon интернет дүкені Астанада логистикалық парк ашпақ.

Қазіргі күні Қазақстан тарапы барлығы 401 компанияға шақырту жолдаған екен.

Айта кетейік, бұл компаниялар Ресейге салынған санкциялардан кейін Қазақстанға көше бастаған.

Другие новости

Back to top button