Павлодарская область

«Қызымды қайтарыңыздар!»: Павлодарлық әйелдің үш жасар қызын шетелдік жұбайы алып кетті

Павлодар қаласының тұрғыны “қызымды үйге қайтарыңыздар!»деп көмек сұрап, жан айқайын жеткізу үшін бейнетүсілірім жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Еуразия” бірінші арнасының Telegram-парақшасына сілтеме жасап. 

Қызын жоғалтқан Гүлназдың айтуынша, екі ай бұрын шетелдік жұбайы олардың үш жасар баласын шетелге алып кеткен. Содан бері хабар-ошарсыз жоғалды.

«Менің жұбайым – Египет азаматы. Ол қызымды ұрлап кетті. Осы күнге дейін баламды маған көрсетпей, жасырды, тіпті байланыс жасамайды. Қоңырау мен хабарламаларға жауап бермейді», – дейді әйел.

Гүлназдың қызы – Қазақстан азаматы. Әйел оны табу үшін барлық шараны қолданды. Павлодарлықтың айтуынша, Египетте сот болды. Фемиданың шетелдік министрі бала анасымен бірге тұрады деп шешкен. Сондай-ақ, әйел жергілікті полиция мен Қазақстанның араб еліндегі елшілігіне жүгінді. Әзірше нәтиже жоқ.

Үміті үзілген ана мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтан қазақстандық бүлдіршіннің отанына оралуына көмек көрсетуін сұрайды.

 

Другие новости

Back to top button