Кызылординская область

Қызылордадағы төбелес видеоға түсіп қалды: 19 жастағы жігітті пышақтаған күдікті ұсталды

Іздеуде жүрген күдіктіні Нұр-Сұлтан қаласында қызылордалық жедел уәкілдер ұстады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

22 шілдеде ОМО-дан Қызылорда қалалық ПБ кезекші бөліміне облыс орталығының 19 жастағы тұрғыны пышақ жарақаттарымен ауруханаға түскендігі туралы хабарлама түскен. Аталған дерек СДТБТ-не ҚК 24 бабы, 99-бабының 2-бөлігі «Адам өлтіруге оқталу» бойынша тіркелді, — деді полицияда.

Оқиға орнына барған жедел-тергеу тобы  «Ален» түнгі клубында жастар арасындағы төбелес болғанын анықтады. Оқиға орнында жәбірленуші пышақ жарақатын алып, ауруханаға жеткізілді.

Жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында Қызылорда облысы ПД КПБ-ң қызметкерлері Қызылорда қаласы ПБ жедел уәкілдерімен бірлесіп, қылмыстық қудалау органынан жасырынып жүрген 24 жастағы жергілікті тұрғынды Нұр-сұлтан қаласындағы тұрғын үйдің біріндегі жалдамалы пәтерде ұстады. Қазіргі уақытта ол қамауға алынды, — деді полицияда.

Другие новости

Back to top button