Кызылординская область

Қызылордада сыныптастары қызды жезөзекшелікке салған: тағы бірнеше адам қамалды

Қызылордада 16 жастағы қызды жезөкшелікке мәжбүрлеу ісі бойынша сегіз адам қамауға алынған, біреуі үйқамақта отыр. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қызылорда облысының полиция департаменті кәмелетке толмаған баланы жезөкшелікпен айналысуға тарту фактісі бойынша Қылмыстық кодекстің 134-бабы 3-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғаған.

Осы істің аясында Қылмыстық кодекстің тағы бірнеше бабы бойынша тергеу жүргізіліп жатыр:

  • 309-бабы 2-тармағы –  «Жезөкшелiкпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау және жеңгетайлық»;
  • 194-бабы 2-тармағы – «Қорқытып алу»;
  • 299-бабы 3-тармағы – «Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді тұтынуға көндiру»;
  • 110-бабы 1-тармағы – «Қинау»;
  • 140-бабы 1-тармағы – «Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердi орындамау».

Осы фактілер бойынша сот шешімімен 8 күдіктіге қатысты «қамауда ұстау» түрінде бұлтартпау шарасы таңдалған, ал біреуі үйқамаққа алынды.

Бұған қоса осы факті бойынша жауапты лауазымды тұлғаларға қатысты жүргізілген қызметтік тергеудің нәтижесінде Қызылорда облысы полиция департаментінің бірнеше қызметкері қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Естеріңізге салайық, Қызылорда облысында 16 жастағы қызды сыныптастары 8 ай бойы жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеп, құлдықта ұстаған. Олар қызды ұрып-соғып, азаптап, бопсалап, қорқытқан. Қыздың тәнін саудалай отырып айына кемінде екі-үш миллион теңге табыс тапқан. Секс-құлдықта болған оқушы қызды мыңға жуық ер адам сатып алған.

Другие новости

Back to top button