Кызылординская область
Қызылордада мас ер адам әйелін ұрып өлтірген
Ол оқиға орнынан бірден бой тасалаған
Қызылордада мас ер адам әйелін белгісіз себеппен ұрып өлтірген, деп хабарлайды Polisia.kz.
3 тамыз күні түнгі уақытта 27 жастағы азаматшаны заңды некедегі жолдасы мас күйінде белгісіз себеппен ұрып-соққан. Салдарынан алған ауыр дене жарақатынан азаматша қайтыс болды.
Оқиға орнынан бой тасалап кеткен 29 жастағы Қызылорда қаласы тұрғынын ұстау мақсатында жедел тергеу тобы құрылып, іздестіру барысында досының үйінде жасырынып жатқан жерінен ұсталды.
Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 99-бабының 1-бөлігімен (Адам өлтiру) сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.