ГлавноеКызылординская область
Қызылордада жыныстық құлдықта болған оқушы қызға қатысты 9 істің бесеуі аяқталды – министр
Ішкі істер министрі Ержан Сәденов Қызылордада құлдықта болған 16 жастағы қыз бала жайлы айтып берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Іс бойынша ұсталған 13 адамның саны өзгермеді. 9 қылмыстық істің 5-еуі аяқталды. Өндірісте тағы бірнеше іс бар. Ол аяқталған соң сот нүктесін қояды», — дейді Сәденов.
Осыған дейін жазғанымыздай, Қызылорда қаласында мектеп оқушылары 16 жастағы қыз баланы азаптап, қинап есірткі беріп, жезөкшелік жолға салған. Полиция оқиға бойынша қылмыстық іс қозғаған болатын.