Кызылординская область

Қызылордада жүк көлігі жолды кесіп өтпек болған бойжеткенді қағып өлтірді

Қазіргі кезде тиісті сот сараптамалары тағайындалды

Қызылордада болған жол-көлік оқиғасының салдарынан жаяу жүргінші ажал құшты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«1 қыркүйекте Қызылорда қаласындағы сол жағалауда жаяу жүргіншілерге арналған жолақтан өтіп келе жатқан божеткенді КамАЗ жүк автокөлігі қаққан. Соның салдарынан жаяу жүргінші оқиға орнында көз жұмды. Кінәлі жүргізуші ұсталды», — делінген хабарламада.

Аталған дерек Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігімен (Көлiк құралын басқаратын адамның жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу салдарынан абайсызда адам өліміне әкеп соғу) СДТТБТ-ға тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Тиісті сот сараптамалары тағайындалды. Оқиғаның мән-жайлары анықталу үстінде.

 

Другие новости

Back to top button