Кызылординская область

Қызылордада жаңа салынған көп қабатты үйлер пайдалануға берілместен қирап жатыр

көпқабатты үйді жеке кәсіпкер өз қаражатына салғанын хабарлады

Қызылордада жаңа салынған көп қабатты үйлер пайдалануға берілместен қирап жатыр. Пәтерлердің ішкі есіктері дұрыс бекітілмегендіктен жабылмайды, деп хабарлайды Экспресс К .

Сапасыз салынған баспаналардың видеосы әлеуметтік желіде жарияланды. Бейнежазба авторының айтуынша, бұл көпқабатты үй әлі пайдалануға берілмеген. Онда пәтер ішіндегі есіктердің қисық орнатылғаны көрінеді. Сондай-ақ кейбір қабырғаларда әлден жарықтар пайда бола бастаған. Ал кафельдер жерге түсіп жатыр.

Сондықтан тұрғын азаматтарға мұндағы пәтерлерді алмас бұрын оның іші-сыртын мұқият тексеріп алуға кеңес берді.

«Бұл сол жағалауда салынған үй. Мұны жөндейді дегенге күмәнім бар. Сондықтан пәтер иелері алар кезде осыған мән беріңіздер», — деп жазды видео авторы.

Ал қалалық әкімдіктегілер дәл осы көпқабатты үйді жеке кәсіпкер өз қаражатына салғанын хабарлады. Десе де, олқылықтарды қалпына келтіру үшін тапсырма берілген.

«Қызылорда қаласының құрылыс бөлімі КММ-нің мамандарының арнайы тексеру жұмыстарын жүргізу барысында видеода көрсетілгендей ақаулар анықталды. Қазіргі уақытта ақауларды қалпына келтіруге арнайы ескертпе хат жолданды», — деп мәлімдеді қала әкімдігіндегілер.

Другие новости

Back to top button