Кызылординская область

Қызылордада екі жасар баланың асқазанынан алтын білезік алынды

Қызылордада екі жасар анасының алтын білезігін жұтып қойған. Анасы бастапқыда бағалы әшекейдің жоғалғанын байқамаған екен. Алайда кейін тексеріс кезінде күдігі расталыпты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

 

Дәрігерлер эндоскоп арқылы тексеріс жүргізіп, баланың асқазанында бөгде зат барын анықтаған. Бұл заттардың барлығын сәтті алып тастапты.

Облыстық көпсалалы балалар ауруханасының хирург-эндоскописті Серік Нүсіпқожаев жыл басынан бері осы секілді 25 ота жасалғанын айтады. Өткен аптада ғана батарея мен магнит алған екен.

Дәрігерлердің сөзінше, ағзаға бөгде зат түсудің белгілері тұмау белгілеріне ұқсас: жөтел, құсу мен қырылдау. Егер балада осындай белгілер пайда болса, алдымен дәрігер-эндоскописпен кеңескен жөн.

Другие новости

Back to top button