Выбор редакцииКызылординская область

Қызылордада бойжеткен ҰБТ-дан 130 балл алу үшін 2 млн теңге берген

47 жастағы күдікті ақшаны өз қажеттілігіне жұмсап тастаған

Қызылордада ҰБТ-дан 130 бал алып беремін деп тұрғынды алдап соққан күдікті ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қызылорда қаласы ПБ Тасбөгет полиция бөліміне 25 жастағы облыс тұрғыны арызданған.

«Осы жылдың мамыр айында күдікті жәбірленушіге ҰБТ-дан 130 балл алып беремін деп сеніміне кіріп алдап, 2 миллион теңге қаражатын иемденген. Қызылордалық полицейлер жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізіп, күдікті деп танылған қала тұрғынын анықтап, полиция бөліміне жеткізді. 47 жастағы күдікті бойжеткенге жалған ақпарат беріп, алған ақшаны өз қажеттілігіне жұмсағаны белгілі болды», — делінген хабарламада.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабының 1-бөлігімен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. Күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхат түрінде бұлтартпау шарасы таңдалды.

 

Другие новости

Back to top button