Кызылординская область
Қызылордада білім бөлімінің басшысы мен есепшісі ірі көлемде бюджет қаражатын жымқырған
Қызылорда облысы Жаңақорған ауданында білім бөлімінің басшысы мен бас есепшісі аса ірі көлемде бюджет қаражатын қолды қылған деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Күдіктілер мемлекетке 543 миллион теңге көлемінде залал келтірген.
Лауазымды тұлғаларды тергеп тексеру барысында 91 500 000 теңге мемлекетке қайта өндірілді. Қазір кінәлілер қамауға алынып, сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.
Мамандардың сөзінше, жалпы аудандағы білім беру ұйымдарында жемқорлық деректері жиілеген.
“Жаңақорған ауданының бірқатар мектептерінде осындай деректер бойынша департаменпен 15 қылмыстық іс тергеліп жатыр”, — деді Қызылорда облысы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының бірінші орынбасары Асылхан Ашықов.