Кызылординская область

Қызылордада 2 жұмысшы кәріз құдығында уланып көз жұмды

Жұмысшылардың қалай қаза тапқаны туралы әзірге ақпарат жоқ

Қызылордада кәріздік насостық станцияда  2 жұмысшы уланып көз жұмды, деп хабарлайды «Астана» телеарнасы.

Төтеншеліктерге станция ішіндегі құдықта екі адамның мәйіті жатқаны туралы хабарлама түскен. Оның тереңдігі шамамен 3 метр болғанымен, суы таяз дейді құтқарушылар.

Жұмысшылардың қалай қаза тапқаны туралы әзірге ақпарат жоқ.

«Құтқарушылар арнайы құтқару аппараттарын киіп, кәріз суынан 2 азаматтың алып шығып полиция қызметкерлеріне тапсырды. Қазіргі таңда полиция қызметкерлері болған жағдайды, мән-жайды анықтау үстінде”, — деді Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті жедел құтқару жасағы басшысының орынбасары Мейрамбек Доспенбетов.

 

Другие новости

Back to top button