Кызылординская область
Қызылордада 2 жұмысшы кәріз құдығында уланып көз жұмды
Жұмысшылардың қалай қаза тапқаны туралы әзірге ақпарат жоқ

Қызылордада кәріздік насостық станцияда 2 жұмысшы уланып көз жұмды, деп хабарлайды «Астана» телеарнасы.
Төтеншеліктерге станция ішіндегі құдықта екі адамның мәйіті жатқаны туралы хабарлама түскен. Оның тереңдігі шамамен 3 метр болғанымен, суы таяз дейді құтқарушылар.
Жұмысшылардың қалай қаза тапқаны туралы әзірге ақпарат жоқ.
«Құтқарушылар арнайы құтқару аппараттарын киіп, кәріз суынан 2 азаматтың алып шығып полиция қызметкерлеріне тапсырды. Қазіргі таңда полиция қызметкерлері болған жағдайды, мән-жайды анықтау үстінде”, — деді Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті жедел құтқару жасағы басшысының орынбасары Мейрамбек Доспенбетов.