Выбор редакцииКызылординская область

Қызылордада 17 жастағы жігіт көпірден секіріп кетті

Қызылордада 17 жастағы жігіт көпірден секіріп кетті. Оқиға Сырдария өзенінің үстіне салынған көпірде орын алған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Астанаарнасына сілтеме жасап.

 

Түн жарымында жігіт өткелден секіріп, мұздың үстіне түскен. Өкінішке орай, ол оқиға орнында көз жұмды. Қазіргі таңда тиісті сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

“Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 105-бабының 3-бөлігімен, яғни өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу дерегімен сотқа дейінгі тергеп, тексеру амалдары басталды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда”, – дейді қалалық полиция басқармасының өкілдері.

Другие новости

Back to top button