Қызылорда облысының оқушыларының үстінен қылмыстық іс қозғалды
Қызылорда облысында жаппай төбелестен кейін тоғызыншы сынып оқушысы реанимацияға түсті. Оқиға үш күн бұрын болған. Оқушы ауруханаға түрлі жарақаттармен жеткізілген.
Полиция оған сол мектептің оқушылары шабуыл жасағанын анықтады. Олардың бесеуі іс бойынша күдікті деп танылды, деп мәлімдеді 24kz.
Мектеп директоры мен оның орынбасары қызметтен босатылды. Сондай-ақ 10 полиция қызметкері жазаланды. Бірақ мұндай шешімге бәрі бірдей келіскен жоқ.
Облыстық білім басқармасының бастығы Қазалы ауданында емес, облыстағы барлық білім беру ұйымдарында тәрбие жұмыстарын күшейту, тәртіп мәселесіне көңіл бөлу, ата-аналар комитетінің, аналар мектебі, әкелер мектебі секілді балалармен тығыз жұмыс жасайтын қоғамдық ұйымдардың жұмысын күшейту жөнінде тиісті тапсырмалар берілгенін айтты.