Кызылординская область

Қызылорда облысының бұрынғы әкімі бостандыққа шықты

Қызылорда облысының бұрынғы әкімі Қуанышбек Ысқақов бостандыққа шықты.

2020 жылғы 10 желтоқсанда сот Қуанышбек Ысқақовты алаяқтық және қоғамдық қордың 80 миллион теңгесін жымқырғаны үшін кінәлі деп тауып, 7 жылға бас бостандығынан айырды.

Кейін Жоғарғы соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының қаулысымен бұл мерзім 6 жылға дейін қысқартылды.

«Хабар 24» арнасының хабарлауынша, бұрынғы әкім келтірілген шығынды өтеп, сотқа жазаның өтелмеген бөлігін айыппұлға немесе бас бостандығын шектеуге ауыстыруды сұраған.

Осы құжат негізінде жазаның қосымша түрін өтеуден босатылмай, 3 жыл 11 ай 12 тәулікке дейін бас бостандығын шектеуге дейін қысқартылды. Оған мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге тыйым салынады.Қызылорда қаласының №2 сотының баспасөз қызметі

 

Другие новости

Back to top button