Кызылординская область

Қызылорда облысында Тәжікстанға бағыт алған жүк көлігі өртеніп кетті

 Қызылорда облысында жол бойында жүк көлігі жанып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға 27 қараша сағат 19.40 шамасында болған.

112 құтқару қызметіне «Самара-Шымкент» трассасының Арал ауданы аумағындағы 1340 шақырымында жүк көлігінің өртеніп жатқаны жөнінде хабар түскен.

«Хабарлама бойынша өртке қарсы қызметтен бір техника, 7 қызметкер жұмылдырылды. Барлау нәтижесінде Ресейден Тәжікстанға бағыт алған «Volvo» жүк автокөлігінің тіркемесіне тиелген тұрмыстық техника мен жиһаздар толығымен жанып жатқаны анықталды. Өрт сөндірушілердің жедел іс-қимылының нәтижесінде жалынның жүк көлігі кабинасына таралуына жол берілмеді», — деді Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз хатшысы Әлия Ережепова.

Ведомство мәліметінше, өрттің шығу себебі мен шығыны анықталып жатыр.

Жарақат алғандар мен қаза болғандар жоқ. Тілсіз жау 20.27-де оқшауланып, 20.53-те толығымен сөндірілді.

Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылордада қатты желден мектеп шатыры ұшып кеткен еді.

Другие новости

Back to top button