Кызылординская область

Қызылорда облысында жолаушыдан 154 келі балық тәркіленді

Қызылорда қаласы ПБ Ақсай полиция бөлімінің қызметкерлері 11 тамыз күні сағат 05:30 шамасында Сырдария өзенінің сол жағалауында Арал – Қызылорда бағытында қатынайтын Setra жолаушылар автобусын тоқтатты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тексеру барысында жолаушыдан қапшыққа салынған заңсыз ауланған 154 келі балық алынды. Ол ешбір құжатсыз ауланған заңсыз балықты сату мақсатында Қызылорда қаласына жеткізбекші болған.

Тиісті сараптамалар тағайындалды. Жолаушы полиция бөліміне жеткізіліп, одан ІІО келу туралы міндеттеме алынды.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 335-бабының 1-бөлігі (Балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсiмдiктерін заңсыз алу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Другие новости

Back to top button