Выбор редакцииКызылординская область

Қызылорада 2 жасөспірім қыз екі күннен бері табылмай жатыр

Қызылорда қаласында 14 және 16 жастағы екі жасөспірім қыз екі күннен бері табылмай жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қызылордада 8 қарашада 14 жастағы Жансұлу Асанова мен 16 жастағы Арнұр Тыныштыбай үйінен белгісіз бағытқа шығып кетіп, қайта оралмаған.
Осыған байланысты Қызылорда қалалық полиция басқармасы іздеу салады.

«Аталған хабарлама бойынша қандай да бір ақпарат немесе жүрген жері туралы мәлімет білген жағдайда төменде көрсетілген телефон нөмірлеріне хабар берулеріңізді сұраймыз: 8(7242)-29-75-20 немесе 102 арнасына қоңырау соғуға болады», — деп мәлім етті Қызылорда қалалық полиция басқармасынан.

Другие новости

Back to top button