Госорганы

Қызыл кітапқа енген сілеусін Шарын ұлттық паркінде соңғы екі жылда алғаш рет фототұзаққа ілікті

Алматы облысында сілеусін фототұзаққа ілікті. Бұл жөнінде Zakon.kz басылымына Экология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Экология министрлігінің мәліметінше, соңғы екі жылда алғаш рет бұл жануар Шарын ұлттық паркіндегі Бұғыты тау учаскесіне орнатылған фототұзақ объективіне түсіп қалды.

Шарын ұлттық паркі, сілеусін, фототұзақСурет: ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі

«Бұл жыртқыш негізінен түнде белсенді, оңай әрі ешбір дыбыс шығармай қозғалады. Ал сілеусін терісінің ала болып келуі, ағаш арасына оңай жасыруына көмектеседі, себебі күн сәулесінен түскен жарықтан сүтқоректі байқалмай қалады».ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі

Другие новости

Back to top button