Культура

«Қызғаншақ болды»: Мақпал Жүнісова Заманбек Нұрқаділовке тұрмысқа шыққан соң шығармашылығы тоқырап қалғанын айтты

Танымал әнші Мақпал Жүнісова “Алғашқы” бағдарламасында марқұм Заманбек Нұрқаділовке тұрмысқа шыққан соң күйеуі көп нәрсеге шектеу қойғанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

 

 

“Сөзінде тұрып, маған пәтер берді. Пәтер бергені құрысын, бір бөлмелі үйді берді де артымнан қалмай қойды ғой. Замдарын жібереді гүлмен, кәмпиттермен. «Жігітім бар ғой жындысыңдар ма, қайтіп барамын» деп қайтарып жіберемін. Сөйтіп жүргенде жігітімнің көзі құрып кетті. Үйленбей тұрып: “Өнерің тоқтамайды, айналайын. Барлық жағдайыңды жасаймын” деп уәде берген еді. Бірақ мен алып алған соң, қолы жеткен соң бәрі басқаша болды. Киім кию жағынан өте қатал болды. “Басыңа киген бас киімің қазақи, әдем болу керек” деп киімдердің суретін өзі салатын еді. Суретті жақсы салатын. Аяғында стилист болып кетті. Кейін репертуарымның бәрін қадағалап отыратын болды. Бір жаман жері, гастрольдік сапарларға жібермейтін болды. Қызғаншақ болды”, – дейді Мақпал Жүнісова.

Өнер иесі күйеуіне не себепті қарсы шыға алмағанын түсіндірді.

“Байдан қайтып келді” деген аттың несі жақсы? “Зәкең Мақпалды пайдаланып тастап кетіпті” деген ат жаман ғой. Содан мені тастап кетіп жүрмесін деп не айтса да тәртібіне көндім. Бармайсың десе бармадым. Отыр десе отырамын, жат десе жатамын. Солай жүрдім”, – дейді әнші.

Другие новости

Back to top button