«Қыздар.нет» сайты арқылы екі күн үздіксіз сатқан»: оқушы қыздың анасы сұмдық оқиғаны айтып берді
Қызылорда облысында сыныптастары 8 ай бойы жезөкшелікке салған анасы оқиғаның қалай болғанын айтып берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy
«Мен 8 ай бойы сыныптастары құлдықта ұстаған қыздың анасымын. Біз бұл сұмдық туралы білген жоқпыз. Сол сыныптасы біздің үйімізден 500 метр жерде тұрады. Ол менің қызыммен достасып, бірге билеп, ойнап жүрді. Ол қыз кейде біздің үйімізде қонатын. Кейін қызымды оның үйіне қонуға шақырды. Біз басында қарсы болдық, кейін көндік, алайда әркез байланыста болдық. Кейін сыныптасы мен оның әпкесі, тағы бір ұл сыныптасы мен оның туысы, яғни төртеуі қызымды жезөкшелікке тартқан. Қаңтарда олар менің қызымның телефонын тартып алып, «Қыздар.нет» сайтына тіркеген. Оны бопсалаған. Себебі, ішімдік іштіріп, жуынғаннан кейін киініп жатқан видеосын анаңа көрсетеміз деп бопсалаған. 4-ақпаннан бастап сайттан тапсырыстар келе бастаған. Ақпанда ол үйге келіп, мектепке барып жүрді», — дейді ол.
Қыздың анасы атағандай, бастапқыда қыз сыртқа тек түнгі уақытта ғана шығып жүрген.
«Кейін үзіліссіз екі тәулік бойы жезөкшелікке салған. Одан түскен ақшаның барлығын өздеріне аударып отырған. Егер ақша жіберуді кешіктірсе, оны ұрып-соққан. Мен наурыз айында мектепке бірнеше рет хабарластым. Осының бәрін тоқтатуға болар еді. Мектеп әкімшілігі егер біздің үстімізден арыз жазсаңыз, қызыңыздың мінездемесі бұзылып, мені ата-ана құқығынан айыратынын айтты. Арнайы интернетқа тапсырамыз деп айтты. Ал онда әлеуметтік аз қатылған отбасылардың балалары жатады деді. Олар маған «сенің қызың өте жуас, уақыт өте келе бәрі орнына келеді» деп айтты. Қызым ҰБТ да тапсырған жоқ. Тек екі сабақта отырып, ерте кететін еді», — деді ол.
Қыздың анасы айтқандай, жәбірленушіні екі рет ювеналды полиция ұстаған.
«Осы төрт баладан басқа тағы 3 адамның іске қатысы бар. Олар қызымды «өлтіреміз» деп қорқытқан. Ол әлі күнге дейін ем алмайды. Сараптама тапсыру үшін бүкіл жерге өзім барып жүрдім. Денсаулығы тексерілмей жатыр. Менің денсаулығым күн сайын нашарлап барады. Біз ешқандай көмек көрмей отырмыз», — дейді ол.