Госорганы
Қыз зорлады деген күдікпен 11 жылға сотталған Марат Күштібаев сотқа шағым түсірді

Кабинетінде қыз зорлағаны үшін 11 жылға сотталған Талдықорған полициясының экс-басшысы Марат Күштібаев үкіммен келіспей, сотқа апелляциялық шағым түсірген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Жетісу облыстық сотына Марат күштібаевтың апелляциялық шағымы түсті», — деп растады облыстық соттың баспасөз қызметі.
Естеріңізге сала кетейік, биыл сәуір айында Талдықорған қалалық соты полиция басқармасының бұрынғы басшысы Марат Күштібаевты 11 жылға бас бостандығынан айырған болатын.