Госорганы

Қытайлық туристердің Қазақстанға қызығушылығы артты: Өткен жылы олардан 16 миллион доллар кіріс түскен

Қазақстанға Қытайдан келетін туристердің саны арта түскен. Kazakh Tourism ұлттық компаниясы баспасөз қызметінің дерегіне сүйенсек, былтыр қытайлық туристерден елімізге 16 млн доллар кіріс кірген деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Kazakh Tourism компаниясының дерегінше, шығыс көршінің Қазақстанға келген саяхатшыларынан 2021 жылы 8,9 миллион доллар пайда түскен, ал былтырғы кіріс екі еселенген. Қытайдан келген туристің  әрқайсысы біздің елде орта есеппен, мың доллар жұмсайды екен.

«Қазақстан туристік дестинация ретінде бірқатар елдердің, соның ішінде ҚХР азаматтарының сұранысына ие. Қытайлық туристердің визасыз болу мерзімін 14 күннен 30 күнге дейін ұзарту бизнеске олардан көбірек пайда табуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, басқа елдерден саяхатшыларды тарту бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде», – деп атап өтті «Kazakh Tourism «ҰК» АҚ Басқарушы директоры Даниэль Сержанұлы.

Бұған дейін Қазақстан мен Қытайдың өзара визасыз режим енгізетіні белгілі болған еді.

Сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, визасыз режим екіжақты болады, яғни Қазақстанның азаматтары да визасыз Қытайға туристік және іскерлік мақсатта бара алады.

Другие новости

Back to top button