Социум

Қытайда су астындағы автомобиль туннелі ашылды

Қытайдың Ляонин провинциясындағы Далянь қаласында (солтүстік-шығыс Қытай) көлік қозғалысына арналған су астындағы автомобиль туннелі ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.

 

«Даляньвань шығанағының түбінен өтетін туннель – солтүстік Қытайда салынған алғашқы су асты туннелі», — дейді туннель құрылысы мен қолданылуына жауапты компания бас инженерінің орынбасары Сунь Чжу.

Туннель құрылысы шамамен төрт жылға созылған. Сунь Чжу атап өткендей, ұзындығы 5,1 шақырым болатын туннель алты жолақты, екі жақты көлік қозғалысына арналған. Рұқсат берілген қозғалыс жылдамдығы – 60 км/сағ.

Туннельге қосылатын жол да 1 мамырда пайдалануға берілді. Осы жол мен су асты туннелінің арқасында Даляньвань шығанағының солтүстік және оңтүстік жағалаулары жылдам көлік дәлізімен байланысып, кептелістер азаяды және Далянь қаласы дами түспек.

 

Другие новости

Back to top button